Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 маусым 2016 ж.

    Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Аудан әкімдігінің төмендегі:

    1) 2010 жылғы 5 наурыздағы № 58 «Қобда ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 31 наурыздағы № 3-7-90 тіркелген, аудандық «Қобда» газетінде 2010 жылы 8 сәуірде жарияланған);

    2) 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 12 «Қобда ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 ақпандағы № 3534 тіркелген, аудандық «Қобда газетінде 2013 жылы 28 ақпанда жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы мүдделі жақтарға жолдансын.

    Аудан әкімі

    А. Жүсібалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.