Шектеуді алу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 сәуір 2015 ж.

    Шектеуді алу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі 339 «Ветеринария туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Қазакстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялык бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтың инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлык инспекторының 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 3-6/101 ұсынысы негізінде, Ш. Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш. Берсиев атындағы ауылдык округінің Құмсай қыстағындағы «Заңғар» шаруа кожалығындағы сарып ауруына сауықтыру жұмыстарының толық жүргізіліп аяқталуына байланысты қора жайларына қойылған шектеу 2015 жылдың 10 сәуір айынан бастап алынсын.

    2. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 шілдеде № 3968 болып тіркелген Ойыл ауданы Ш. Берсиев атындағы селолық округі әкімінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 20 шешімінің күші жойылсын.

    З. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

    Ауылдық округ әкімі:

    A. Мубараков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.