Шектеу іс- шараларын алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 3-4/230 санды ұсынысына сәйкес, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округінің «Сегізсай» өндірістік кооперативінің аумағындағы мүйізді ірі қара малдары арасынан құтырық ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 80 «Ойыл ауылдық округінің «Сегізсай» өндірістік кооперативінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3967 болып тіркелген шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Берекеноваға тапсырамын.
Округ әкімі :
И. Сабиржанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.