"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 565 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 мамыр 2016 ж.

    "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 565 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 565 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11353 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

    1) бір апта мерзімінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;

    2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

    Ә. Исекешев

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрі

    _______________ Қ. Бишімбаев

    2016 жылғы 31 мамыр

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.