Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 мамыр 2016 ж.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметі департаменті (М.Б. Әділханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;

    2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    Б. Сұлтанов

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2016 жылғы 20 мамырдағы

    № 242 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

    1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 309 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11486 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 сәуірде жарияланған).

    2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 309 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 548 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қарашада № 12325 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған).

    3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 51 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13414 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 сәуірде жарияланған).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.