Қарақұдық ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 мамыр 2016 ж.

    Қарақұдық ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Занның 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарақұдық ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Қарақұдық ауылындағы Центральная көшесінің атауы – Айділда Қыздарбеков көшесі болып, Қарақұдық ауылындағы Молодежная көшесінің атауы – Жұмабек Тәшенов көшесі болып, Қарақұдық ауылындағы Набережная көшесінің атауы – Ғабиден Мұстафин көшесі болып қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарақұдық ауылының әкімі

    О. Дюсембекова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.