Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңартылғанӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 сәуір 2016 ж.

    Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 Заңының 27-бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    «2016 жылға Аягөз ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 4372 тіркелген, аудандық «Аягөз жаңалықтары» газетінде 2016 жылғы 26 наурызда № 16 (10489) жарияланған);

    «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 878 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 29 қаңтардағы №4373 тіркелген, аудандық «Аягөз жаңалықтары» газетінде 2016 жылғы 19 наурызда № 14 (10487) жарияланған);

    «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 4371 тіркелген, аудандық «Аягөз жаңалықтары» газетінде 2016 жылғы 26 наурызда № 16 (10489) жарияланған);

    2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рғаеваға жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Б. Байахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.