Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 Заңының 27-бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
«Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 16 ақпандағы № 126 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 наурыздағы №3734 тіркелген, аудандық «Аягөз жаңалықтары» газетінде 2015 жылғы 18 наурызда № 22 (10422) жарияланған);
«Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 16 ақпандағы № 127 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 наурыздағы № 3736 тіркелген, аудандық «Аягөз жаңалықтары» газетінде 2015 жылғы 21 наурызда № 23, 24 (10423, 10424) жарияланған);
«Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 16 ақпандағы № 129 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 наурыздағы № 3733 тіркелген, аудандық «Аягөз жаңалықтары» газетінде 2015 жылғы 28 наурызда №25 (10425) жарияланған);
«Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 7 сәуірдегі №245 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 3857 тіркелген, аудандық «Аягөз жаңалықтары» газетінде 2015 жылғы 18 сәуірде №31 (10431) жарияланған);
«Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 611 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 08 қазандағы №4166 тіркелген, аудандық «Аягөз жаңалықтары» газетінде 2015 жылғы 05 желтоқсанда № 70 (10470), 2015 жылғы 12 желтоқсанда № 71 (10471), 2015 жылғы 19 желтоқсанда № 72 (10472), 2015 жылғы 26 желтоқсанда № 73, (10473) жарияланған);
«Аягөз ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 610 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 08 қазандағы № 4168 тіркелген, аудандық «Аягөз жаңалықтары» газетінде 2015 жылғы 28 қарашада № 69 (10469) жарияланған);
«Аягөз ауданының ветериария бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 740 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 4264 тіркелген, аудандық «Аягөз жаңалықтары» газетінде 2015 жылғы 19 желтоқсанда № 72 (10472) жарияланған);
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рғаеваға жүктелсін.
Аудан әкімі
Б. Байахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.