Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерін күші жойылған деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 маусым 2016 ж.

    Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерін күші жойылған деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 - бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Риддер қалалық мәслихатының шешімдері күші жойылған болып есептелсін:

    1) 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 26/17-V «Риддер қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» (2014 жылғы 23 маусымдағы № 23 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған, 2014 жылғы 27 мамырдағы № 3363 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген);

    2) 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/10-V «Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 26/17-V «Риддер қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгіу туралы» (2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 38 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған, 2015 жылғы 07 тамыздағы № 4088 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген).

    2. Аталған шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.

    Сессия төрағасы

    С. КАРИМОВ

    Қалалық мәслихат хатшысы

    И. ПАНЧЕНКО

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.