Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 маусым 2016 ж.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі және 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналардың:

    1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 182 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9405 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

    2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 270 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11016 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (Қ.Н. Абдуллаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін;

    2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    Б. Сұлтанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.