"Жалағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бақылау Әдістемесін бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 46-10 шешімінің және "Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 49-11 шешімінің 3-тармағының күші жойылды деп тану туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 46-10 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5173 нөмірімен тіркелген, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2015 жылғы 21 қазанда жарияланған);
2) “Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №49-11 шешімінің 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5314 нөмірімен тіркелген, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2016 жылғы 30 қаңтарда жарияланған).
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Жалағаш аудандық
|
Жалағаш аудандық
|
|
мәслихатының LI сессиясының
|
мәслихатының
|
|
төрағасы
|
хатшысы
|
|
М. КУЛБОЛДИЕВ
|
К. СУЛЕЙМЕНОВ
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.