Көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі №2 қорытындысына сәйкес Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңөзек кентінің атауы жоқ көшесіне «Лекеров Зинадин» есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңөзек кенті әкімі аппаратының бас маманы Л. Смагуловаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Тереңөзек кентінің әкімі
Ж.Сыздықов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.