Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 мамыр 2016 ж.

    Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 - бабы 8 - тармағына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.

    2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

    3-ші кезекті сессиясының төрайымы, аудандық мәслихаттың хатшысы

    А. Бараншина

    «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі»

    мемлекеттiк мекемесінің басшысы

    __________________У. Наурызбаева

    2016 жылғы «20» мамыр

    «Ұзынкөл ауданының экономика

    және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

    мемлекеттiк мекемесінің басшысының

    міндетін атқарушысы

    ____________________Г. Бобрешова

    2016 жылғы «20» мамыр

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.