Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында оны мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ж.Б. Ешмагамбетовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы
№ 357 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6755 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандары осы бұйрықтың 1-50-қосымшаларына сәйкес бекітілсін»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандары осы бұйрықтың 1-қосымшасы на сәйкес 50-қосымшамен толықтырылсын;
2) «Жеке сот орындаушысы куәлігінің, жеке мөрінің үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 296 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7146 болып тіркелген, 2011 жылғы 13 қазандағы № 493 (26885) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысы куәлігінің үлгісі осы бұйрықтың 2-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі осы бұйрықтың 3-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) «Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9258 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
осы бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасында 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеуі (бұдан әрі - есептік тіркеу) хабарлау сипатына ие және тиісті атқарушылық округтің жеке сот орындаушылары туралы деректерді қалыптастыру мақсатында Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен күнінен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен адамды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) тіркеу есебіне қоюға арналған.
3. Есептік тіркеуден өту үшін Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген мерзімде аумақтық органға осы Қағиданың 1-қосымшасы на сәйкес нысанда хабарлама береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия;
3) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басқармасының өтініш берушіні Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке қабылдау туралы шешімінің көшірмесі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) жеке сот орындаушысы кызметі аумағының басқа атқару округына ауысуы;
2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қызметінің тоқтатылуы;
3) жеке сот орындаушысы қызметін өз еркімен тоқтатуы;
4) Республикалық палата мүшелігінен шығарылуы.
Кітапқа жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу туралы мәліметтер енгізіледі.».
1-қосымша осы бұйрықтың 5-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2-қосымша осы бұйрықтың 6-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы
№ 357 бұйрығына
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 20 қаңтардағы
№ 18 бұйрығына
50-қосымша
Нысан
«САНКЦИЯЛАЙМЫН» __________________ судьясы (соттың атауы) _________________________ (қолы, аты-жөні, тегі) 20__ жылғы «__» __________
Құқықты белгілейтін құжаттарды алып қою туралы ҚАУЛЫ
20__ ж. «__» ______ __________________ ________________________________________________________________________ ___________________________________________________ жеке сот орындаушысы (жеке сот орындаушысының қызметі аумағының атауы, мекенжайы, жеке сот орындаушысының аты-жөні, тегі) __________________________________________________________________туралы (атқарушылық құжаттың мазмұны) 20__ ж. «__» ____ № ____ атқарушылық іс жүргізудің материалдарын қарап,
БЕЛГІЛЕДІ:
________________________________________________________________________ (алып қою негізі) Баяндалғанның негізінде, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2-тармағының 6) тармақшасын, 126-бабын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. __________________________________ мекенжайы бойынша тұрған ____________________________________________________________ тиесілі (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса), заңды тұлғаның атауы) ______________________________құқықты белгілейтін құжаттары алынсын. (құжаттардың атауы) 2. Қабылданған шешім туралы атқарушылық іс жүргізудің тараптарына олардың өкілдеріне хабарлансын. 3. Сот орындаушысының қаулысы міндетті орындауға жатады және Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес он жұмыс күні ішінде сотта шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін. Жеке сот орындаушысы __________________________ (қолы, аты-жөні, тегі) М.О.
Ескертпе: қаулы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында санкциялауға жатады. Бұл ретте, электрондық құжаттың нысаны өзгеруі мүмкін. Судьяның электрондық цифрлық қолы, сондай-ақ оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қол қойған күні, соттың атауы құжаттың сол жағында орналастырылады. Оң жақтағы жоғарғы бұрышта «Санкциялаймын» белгісі, соттың атауы, судьяның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ күні көрсетілмейді.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы
№ 357 бұйрығына
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына
Жеке сот орындаушысының куәлігінің үлгісі
Жеке сот орындаушысы куәлігінің сипаттамасы:
1. Жеке сот орындаушысының куәлігі (бұдан әрі – куәлік) мұқабасы мен жапсырмасынан тұрады.
2. Мұқабасы қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан, былғары алмастырғыштан немесе бумвинилден жасалады, ашық түріндегі көлемі – 65 х 190 мм. Мұқабасының сыртқы бетінің ортасында алтындалған баспаханалық шрифтімен «КУӘЛІК» сөзі белгіленеді.
3. Куәліктің жапсырмасы жоғары өнімді компьютерлік техниканы, арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы баспаханалық тәсілмен жасалады, жоғары сапалы офсеттік техникада басып шығарылады, басып шығару алдында және басып шығару кезеңінде қолдан жасау және көшіруден көп деңгейлі қорғалады.
4. Куәліктің жапсырмасының негізгі түсі көгілдір. Жапсырмасы екі оң және сол бөліктен тұрады.
5. Жапсырманың сол жағы мемлекеттік тілде толтырылады.
Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial қою қаріппен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ» жазуы және қызыл түсті Arial қою қарпімен өңірлік палатаның атауы жазылады.
Жапсырманың сол бөлігінің сол жағында жеке сот орындаушысының суретін жабыстыруға арналған 3 x 4 см көлеміндегі орын болады.
Жапсырманың сол бөлігінің төменгі жағында өңірлік палата жетекшісінің лауазымы, қол қоятын орны, тегі және аты-жөні көрсетіледі (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп - бас әріп, Arial қарпі).
6. Жапсырманың оң жағы орыс тілінде толтырылады.
Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial қою қарпімен «РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПАЛАТА ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» және қызыл түсті Arial қою қарпімен өңірлік палата атауы жазылады.
Көк түсті шеңберлі жапсырманың оң бөлігінің сол жағында диаметрі 26 мм екі шеңбермен бөлінген көк түсті дұрыс шеңбер түрінде эмблема бейнеленген.
Бірінші шеңбердің ішінде алтын түсті қазақ оюы орналасқан, оның жоғарғы бөлігінде көк түсті ЖСО әріптері және төменгі бөлігінде ЧСИ әріптері орналасқан, олар ЖСО – жеке сот орындаушысы, ЧСИ – частный судебный исполнитель қысқартылған түрі болып табылады.
Екінші шеңбердің ішінде төменгі жағы дөңгелектенген, ұшы үшкірленген алтын түсті геральдикалық қалқан орналасқан.
Қалқанның төменгі бөлігінде көк түстің үстінен алтын түспен еркіндікті бейнелеген қанатын жайған бүркіт орналасқан.
Ортасында төменгі жағы дөңгелектенген, ұшы үшкірленген төрт бұрышты көк түсті геральдикалық қалқан орналасқан, оның ішінде өзара айқастырылған және төмен қаратылған сот әділдігінің екі семсері орналасқан.
Қалқанның үстінгі бөлігінде заңдылықты, тараптардың теңдігін және сот билігін көрсететін көк түсті таразы бейнеленген.
Жапсырманың оң бөлігінің төменгі жағында лицензияның нөмірі және берілген күні (цифрлармен, қара түсті баспа әріптерімен толтырылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпімен).
7. Жапсырманың сол және оң бөліктерінің оң жағында ортада куәліктің нөмірі (цифрлармен, қызыл түсті баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), жеке сот орындаушысының тегі (қара түсті бас баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), аты, әкесінің аты (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп - бас әріп, Arial қарпі), атқарушылық округінің атауы (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпі).
8. Жеке сот орындаушысының куәлігіне қол қойғаннан кейін фотосуреттің төменгі оң жақтағы бұрышта өңірлік палата мөрінің бедері қойылады, содан кейін сыртқы беті ламинатталады және сыртқы бетімен куәлік мұқабасының ішкі жағына жабыстырылады.
9. Белгіленген ресiмдердің қойылған талаптарына сәйкес келмейтін, түзетiлген жері және тазарту болған куәліктер жарамсыз болып есептеледi.».
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы
№ 357 бұйрығына
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына
Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі
Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің сипаттамасы:
1. Жеке сот орындаушысының жеке мөрі (бұдан әрі – мөр) арнайы құрал-жабдықпен жасалады, жасандыларынан жоғары дәрежеде қорғалуымен, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталады. Мөрдің диаметрі 40 мм құрайды.
2. Жеке сот орындаушысының мөріндегі барлық жазулар мемлекеттік тілде жазылады.
3. Жеке сот орындаушысы мөрінің мәтіні жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауынан, жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауынан, жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің атынан, лицензия нөмірі мен берілген күнінен тұрады. Жеке сот орындаушысының тегі, аты және әкесінің аты жеке басын растайтын куәлігіне сәйкес жазылады.
4. Мөр мәтінінде үш жиек бейнеленген. Бірінші жиектің (сыртқы) сызығының қалыңдығы 0,4 мм құрайды. Екінші жиек сызығының қалыңдығы 0,25 мм құрайды. Үшінші жиек сызығының қалыңдығы 0,35 мм. құрайды.
5. Екінші және үшінші жиектердің арасында:
жоғарғы жағында бас баспа әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауы;
ортасында екі бүйірінен сегіз бұрышты жұлдыздар;
төменгі жағында цифрлармен, бірінші әрпі – бас әріп, Tahoma қарпі лицензияның нөмірі және берілген күні бейнеленеді.
6. Үшінші жиектің ішінде жоғарғы жағында баспа бас әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауы; ортасында екі шеңбермен бөлінген көк түсті дұрыс шеңбер түрінде белгі бейнеленген.
Бірінші шеңбердің ішінде алтын түсті қазақ оюы орналасқан, оның жоғарғы бөлігінде көк түсті ЖСО әріптері және төменгі бөлігінде ЧСИ әріптері орналасқан, олар ЖСО – жеке сот орындаушысы, ЧСИ – частный судебный исполнитель қысқартылған түрі болып табылады.
Екінші шеңбердің ішінде төменгі жағы дөңгелектенген, ұшы үшкірленген алтын түсті геральдикалық қалқан орналасқан.
Қалқанның төменгі бөлігінде көк түстің үстінен алтын түспен еркіндікті бейнелеген қанатын жайған бүркіт орналасқан.
Ортасында төменгі жағы дөңгелектенген, ұшы үшкірленген төрт бұрышты көк түсті геральдикалық қалқан орналасқан, оның ішінде өзара айқастырылған және төмен қаратылған сот әділдігінің екі семсері орналасқан.
Қалқанның үстінгі бөлігінде заңдылықты, тараптардың теңдігін және сот билігін көрсететін көк түсті таразы бейнеленген, төменгі жағында жеке сот орындаушысының тегі баспа бас әріптерімен Tahoma қарпімен, аты және әкесінің атының бірінші әрпі бас әріппен, Tahoma қарпімен жазылады.
Ескерту:
Жеке сот орындаушысының бекітілген куәліктегі және жеке мөрдегі мәліметтері өзгерген жағдайда, жеке сот орындаушысы он бес жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістер енгізеді және олар әзірленгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жеке мөрінің баспа-таңбасын міндетті түрде ұсынумен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына хабарлайды.
Ескі үлгідегі куәліктер мен мөрлер олардың қолдану мерзімі өткенге дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы
№ 357 бұйрығына
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы
№ 357 бұйрығына
Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасына
Нысан
_______________________ (аумақтық орган) _______________________ _______________________ _______________________
Ескерту _____________________________________________________________ (қызметін жүзеге асыратын атқарушылық округтің _____________________________________________________________ әкімшілік-аумақтық бірлігі, кеңсенің орналасқан мекенжайы көрсетіледі) жеке сот орындаушысы ретінде қызмет атқаратындығы туралы. Осы ескертуге мыналарды қоса беремін: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _____________ _________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда) 20__ж.«__» __________
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы
№ 357 бұйрығына
Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасына
Нысан
_________________________ (қаласы) облысы жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу кітабы
|
№р/р
|
Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні
|
Мемлекеттік лицензияның нөмірі және берілген күні
|
Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшелігіне кірген күні
|
Есептік тіркеуге қойылған күні
|
Жеке сот орындаушысының кеңсесі орналасқан жері
|
Жеке сот орындаушысының үйінің мекенжайы
|
Жеке сот орындау шыларының республикалық палатасының мүшелігінен шығарылған күні
|
Есептік тіркеуден алынған күні
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.