Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 22 сәуір 2016 ж.
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» № 13 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылдың 18 қаңтардағы «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» № 13 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4395 болып тіркелген, аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетінің 2016 жылғы 21 ақпандағы № 14 (8812) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
Р. Сагандыков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.