Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» №44 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» №44 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3793 болып тіркелген, аудандық «Жұлдыз»- «Новая жизнь» газетінің 2015 жылғы 12 сәуірдегі № 29 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
Р. Сагандыков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.