Қаратал ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Қаратал ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.
2. «Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Т. Н. Керімбеков) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, құрылыс, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
___________Р. Ахмедчинов
Мәслихат хатшысы
_____________Б. Смаилов
Қаратал аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 8 маусымдағы
№ 6-20 шешіміне қосымша
Қызметін Қаратал ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
|
Р/
№
|
Салық салу объектісінің
атауы
|
Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)
|
|
1
|
2
|
3
|
|
1.
|
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын
автоматы
|
2
|
|
2.
|
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
|
2
|
|
3.
|
Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
|
2
|
|
4.
|
Ойын жолы
|
10
|
|
5.
|
Карт
|
5
|
|
6.
|
Бильярд үстелі
|
4
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.