Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштерін жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 маусым 2016 ж.

    Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштерін жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шымкент қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күштері жойылды деп танылсын:

    «Шымкент қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 15 мамырдағы № 680 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3202 тіркелген, 2015 жылы 12 маусымда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған);

    «Шымкент қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 680 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 24 ақпандағы № 333 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3612 тіркелген, 2016 жылы 4 наурызда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған);

    2. Осы қаулының орындалуы қала әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы А.Қайыповқа жүктелсін.

    3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің аппарат басшысы Р.Аюповқа жүктелсін.

    Қала әкімі

    Ғ.Әбдірахымов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.