Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы «Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің № 39 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 маусым 2016 ж.

    Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы «Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің № 39 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы «Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 39 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 2 ақпанда № 3016 тіркелген, 2015 жылы 10 ақпанда № 16 «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:

    1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарлау;

    2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдау жүктелсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

    Облыс әкімі

    А. Баталов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.