Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 наурыздағы «Депутаттар үміткерлері үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» № 52 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 наурыздағы «Депутаттар үміткерлері үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» № 52 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4451 болып тіркелген, аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 29 (8827) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
Р. Сагандыков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.