Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

    1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесіне:

    10-тармақтың 7) тармақшасындағы "мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі" деген сөздер "мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

    21-тармақтың 1) тармақшасында "өзгертпейді" деген сөзден кейін нүкте қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

    "Конкурстық комиссия үш күн мерзімде конкурсқа қатысушының сұрау салуына жауап береді және конкурстық құжаттама ұсынылған конкурстың барлық қатысушысына осындай түсіндіруді жібереді;";

    32-тармақтағы бірінші абзацта "мөлшері конкурстық өтінім сомасының 5 пайызын құрайды" деген сөздер "мөлшерін конкурстық комиссия белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

    Ережеге 2-қосымшада:

    реттік нөмірі 2-жолда "Балдардың саны" деген бағанда "25" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;

    реттік нөмірі 5-жолда "Балдардың саны" деген бағанда "10" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;

    реттік нөмірі 7-жолда "р/р" деген бағанда "7" деген сан алынып тасталсын;

    реттік нөмірі 13-жолда "Өлшемнің атауы" деген бағанда "Орыс тілін" деген сөздер "Мемлекеттік тілді және орыс тілін" деген сөздермен ауыстырылсын;

    Ережеге 5-қосымша алынып тасталсын;

    Ережеге 6-қосымшада:

    "Көлемі" деген 2-бөлімнің 11) тармақшасында "аударымдар" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

    "12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қорды сенімді басқару жөніндегі қызметін басқа елдердің осындай қорларының қызметімен салыстырмалы талдау.".

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.