Облыс әкімінің 2001 жылғы 2 шілдедегі №236 «Атырау облысының шаруашылық жүргізу айналымында қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар мен клирингілік (ақшасыз есеп айырысу) операциялардың бірыңғай жүйесін енгізу туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысы прокурорының 2001 жылғы 28 тамыздағы №7-3-2001 наразылығын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi №236 "Атырау облысының шаруашылық жүргiзу айналымында қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар мен клирингiлiк (ақшасыз есеп айырысу) операциялардың бiрыңғай жүйесiн енгiзу туралы" шешiмiне төмендегiдей толықтырулар енгiзiлсiн:
4 тармақта "Клирингiлiк палата ашылған" сөздерiнен кейiн "шаруашылық субъектiлерi мен Клирингiлiк палата арасында жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес," сөздерiмен толықтырылсын.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмi орынбасары Е.Досмағамбетке жүктелсiн.
Облыс әкімі
С.Дәукеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.