Төтенше жағдай жариялау туралы
2001 жылғы қысқы-көктемгi кезеңде мол қар жаууының, күртiк қар пайда болуының, қардың күрт еруiнiң салдарынан республикалық маңызы бар "Қалқаман – Майқайың - Баянауыл – облыс шекарасы" жолының жамылғысы елеулi түрде бөлiнiп, техникалық талаптарға сай келмей қалды. Нәтижесiнде жолда жүру барысында адамдар өмiрiнiң қауiпсiздiгiне нақты қауiп төнiп, Баянауыл ауданы елдi мекендерiнiң тұрмысын қамтамасыз ету төмендедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 тамыздағы "Павлодар облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстарын жұргүзу туралы" № 1062 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылға арналған республикалық бюджетiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және басқа да жоспардан тыс шығындарды жоюға арналған резервiнен Павлодар облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге, соның iшiнде "Қалқаман – Майқайың - Баянауыл – облыс шекарасы" автомобиль жолына жүз тоғыз миллион теңге бөлiнген.
Кқлiк құралдарының республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарымен үзiлiссiз және қауiпсiз жүрудi қамтамасыз ету, Баянауыл ауданының тұрғын үй, әлеуметтiк, әкiмшiлiк-шаруашылық бағыттағы объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 19-бабына сәйкес облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2001 жылғы 25 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар "Қалқаман – Майқайың - Баянауыл – облыс шекарасы" жолында төтенше жағдай жариялансын.
2. Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасы, "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Павлодар филиалы республикалық маңызы бар "Қалқаман – Майқайың - Баянауыл – облыс шекарасы" жолындағы төтенше жағдайды жоюға кiрiссiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.Л. Горбенкоға жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Ғ. Жақиянов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.