Қостанай облысында сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Бағдарламаны жүзеге асыруға бақылау жасау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне және облыстық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
А. Волков
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы
В. Мягков
Қостанай облыстық мәслихатының
2001 жылғы 14 қыркүйектегі
сессиясының № 135 шешіміне қосымша
Қостанай облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары
5.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық базасын жетілдіру
5.2. Жалпы сипаттағы практикалық шаралар
5.2.1. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
5.2.2. Сыбайлас жемқолықтың көзі - "көлеңкелі экономикаға" қарсы іс-қимыл
5.2.3. Мемлекеттік экономикалық саясат тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету.
5.2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің калалық және аудандық бағдарламалары
5.3. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесін нығайту
5.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау
5.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту
6. Бағдарламаның іске асырудың тетігі
7. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
8. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
9. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
|
Бағдарламаның атауы
|
Қостанай облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестін 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
|
|
Әзірлеу үшін негіздер
|
Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001- 2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 534 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің " Қазақстан Республикасыңдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысы
|
|
Бағдарламаның үйлестірушілері
|
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімі
|
|
Бағдарламаның негізгі әзірлеушілері
|
Облыстық ішкі істер басқармасы, облыс прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, бас кеден басқармасы, қаржы полициясының департаменті, облыстық қаржы департаменті, экономика, индустрия және сауда департаменті, Қаржы бақылау комитетінің басқармасы, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі департамент, ҚР Мемлекеттік істері жөніндегі агенттігінің басқармасы, облыстық тәртіптік кеңесі, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық салық комитеті, ҚР облыстық Қазыналық басқармасы, облыстық әділет басқармасы, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Қостанай облысындағы әкімгері
|
|
Бағдарламаны жүзеге асырудың мерзімдері мен кезендері
|
2001-2005 жылдар
1 кезең-2001-2003 жылдар,
2 кезең 2003-2005 жылдар
|
|
Қаржыландыру көздері
|
Республикалық және жергілікті бюджеттердің
қаражаты
|
2. Кіріспе
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы (будан әрі - Бағдарлама) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы дейінгі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген кезден бастап оны жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастырушылық жөне құқықтық жұмыс жалпы жүйелі әрі кешенді сипатқа ие бола бастады.
Осы Бағдарлама бұрынғылардың қисынды жалғасы бола отырып, бірінші кезектегі сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды, ең алдымен экономикалық салада анықтау мен олардың тиімділігін одан-әрі арттыруға бағытталған іс-шараларды көздейді.
Бағдарламаны іске асыру:
пәрменділік пен нәтижелік,
іске асырушылық (орындаушылық),
атаулы бағыттылық (жауапкершілік),
сабақтастық,
тұрақтылық,
кешенділік,
жүйелілік сияқты негізгі принциптерді сақтай отырып, ұйымдастыру іс-шараларының кең ауқымды кешенін әзірлеу мен орындауды көздейді.
Бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам институттарының да жауапкершілігін арттыруға мән беріліп отыр.
Бұл жұмыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік саясатты іске асырудың барысын кеңінен және объективті көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зандарды белсенді насихаттау мен түсіндіру, қоғамда қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа тәрбиелеушілік ахуалын қалыптастыру міндетін атқаратын бұқаралық ақпарат құралдарына айрықша рөл беріліп отыр.
Осы бағдарлама сыбайлай жемқорлыққа қарсы күрестің 2001- 2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасымен қатар іске асырылатын болады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестін жай –күйін талдау
2000 жылы облыстың құқық қорғау және фискальді органдары тарапынан 175 сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар анықталады және тіркелді, оларды қоса есептегенде 57 қылмыстық іс қозғалды.
37 адамға 138 қылмыстар бойынша көрсетілген санаттың 33 ісі сотқа жіберілді. 1999 жылы сотқа жіберілген 4 істі есептегенде облыстың соттары айыптау өкімін шығара отырып, 19 адамды сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін соттады. 4 адам бас бостандығынан айырылуға сотталды, қалғандары амнистияға байланысты жазадан босатылды немесе шартты түрде сотталды. 19 адамның арасында 5 әкімге, 3 салық қызметінің қызметкерлеріне, 2-ІІМ органдары, бір-бірден прокуратура, әділет, кеден органдарының,ТЖ жөніндегі агенттіктің мемлекеттік өртке қарсы қызметінің, 5 басқа мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлеріне қатысты айыптау өкімдері шығарылды.
Өткен жылы сот өкімдері шығарған қылмыстардың құрамына талдау жасау барысында 19 сотталған адамдарың 6-оздеріне сеніп тапсырылған басқалардың мүлкін иемденгені немесе талан-таражға салғаны, 6-пара алғандары, 3-өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жасаған алаяқтығы үшін, 2- билігінің немесе лауазымдық өкілдігінің шегінен шыққаны үшін лауазымдық өкілдігін асыра пайдаланғаны және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін айыпты болып танылған.
2001 жылдың бірінші жартыжылында 102 қылмыс анықталды және тіркелді. (2000 жылдың осы кезеңінде — 59 ) , нәтижесінде 32 адамға қатысты 34 қылмыстық іс қозғалды. 19 адамға қатысты 14 іс өндірісі аяқталып, сотқа жіберілді.
2001 жылдың бірінші жартыжылында облыс соттары сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстары үшін 7 адам соттады (оның ішінде Ішкі істер министрлігінің 2 қызметкері, екі өкім, прокуратураның 1 қызметкері, басқа да мемлекеттік құрылымдардың 2 қызметкері бар).
Керсетілген адамдардың 3 лауазымдық окілдігін асыра пайдаланғаны, 2-пара алғаны, 1- алаяқтығы, 1- кәсіпкерлік қызметке қатысқаны үшін сотталған.
Соттағы істерді қараудың нәтижесі бойынша 4 адам, олардың 1-і шартты жаза қолдана отырып қылмыстық жауапкершілікке тартылған, 3 адам ҚР "Амнистия туралы" Заңын қолдануға байланысты жазадан босатылған.
Төрт мемлекеттік қызметкер тәртіптік кеңестің ұсынысы бойынша атқарын жатқан лауазымдарынан босатылған.
Сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылығының есебі Құқықтық статистика және ақпарат орталығының бірегей автоматтандырылған мәліметтер банкісінде жүргізіледі. 2000 жылы сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бүзушылық жасағаны үшін 245 мемлекеттік қызметкер, 2001 жылдың 6 айында 124 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартьшған (2000 жылдың осы кезеңінде- 124).
Мемлекеттік қызметкерлерді бос түрған лауазымдарға тағайындау тек қана конкурстық негізде жүзеге асырылады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы конкурсқа қатысушылардың сынақтамадан өтуін қамтамасыз етеді. 2000 жылы 2292 адам сынақтамадан өтсе, үстіміздегі жылдың 6 айында- 1616 адам сынақтамадан өтті.
Құқық қорғау және арнаулы органдардың функңияларының шегін ажырату және нақтылау, олардың құрылымын оңтайландыру сыбайластық қылмысқа қарсы әрекетке тартылған қызметкерлердің деңгейінің өсуіне, құқықтардың және азаматгардың занды мүдцелерінің сақталуына ықпал етті.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормаларын іске асыру мемлекеттік қызметкерлер арасындағы тәртіпті нығайтуға мүмкіндік өперді.
Сонымен қатар бүл бағыттағы оң үрдістермен қатар шешілмей жатқан проблемалардың барлығы да байқалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бастапқы кезеңінде мемлекеттік органдардың қызметі оның салдарымен күресуге бағытталады. Жекелеген сыбайлас жемқорлық керіністерінің жолын
кесуге көп күш жүмсалды да, оның себептері мен шарттарын жоюдағы жүйелі жүмыс тасада қалып отырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің осы кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың орта мерзімдік бағдарламасы сыбайлас жемқорлықты, ең алдымен, экономика саласында туындайтын шарттарды анықтау мен аясын тарылтуғабағытталған іс шараларды қарастыруға тиіс.
Азаматтық қоғамның мемлекеттік билік органдарына сенуі деңгейінің жетіспеушілігі, халықтың құқықтық білім деңгейінің төмендігі, одан әлеуметтік бслсенділік келіп шығады, заңдар мен басқа нормалардың нашар орындалуын ғана туындатпайды, қоғамда құқықтық мәдениет қана емес құқықтық
жауапкершіліктің дамуын баяулатады, азаматтардың өздсрінің конституңиялық құқықтарын кең пайдалануды дәстүрге айналдыруға ықпал ете алмайды. Осыдан келіп төменгі деңгейдегі иммунитет сыбайлас жемқорлық көріністеріне бүқара көпшілік тарапынан жек көрушіліктің жоқтығына әкеліп соғады.
Еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күрестің барысы туралы халықты түрақты түрде хабарландыруды қамтамасыз ету, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа карсы саясатын насихаттау, арнаулы біліми бағдарламалар енгізу қоғамның сыбайлас жемқорлық көріністеріне ымырасыз қатынас қалыптастыруына,
билік институттарына сенімнің артуына, халықты зандылықпен түтастай алғанда құқықтық тәртіпті нығайтуға тартуға ықпал етуге тиіс.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның басты мақсаты:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
сыбайлас жемқорлық деңгейін, мемлекет пен жеке адам өмірінің барлық саласындағы оның корініс беруін томендету;
қогамның мемлекет пен оның институттарына деген сенімін ныгайту;
сыбайлас жемқорлықкз қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты терендету.
Мақсатты іске асыру үшін мынадай басым міндеттерді шешу көзделеді:
сыбайлас жемқорлықты тугызатын жагдайларды жою үшін мемлекеттік қызметті жетілдіру;
мемлекеттік органдардың экономикага, ең алдымен олардың рүқсат берушілік функцияларына кдтысты бөлігінде, тікелей араласуын қысқарту;
мемлекеттік экономикалық саясат тетіктерінің барынша ашық болуына қол жеткізу;
сыбайлас жемқорлықтың көзі — "көлеңкелі экономикаға" қарсы іс-қимыл әрекет жөнінде батыл шаралар қолдануды қамтамасыз ету;
құқық қорғау органдары мен сот жүйесін нығайту; сыбайлас жемқорлықкэ кдрсы әрекет етуде мемлекеттік, құқық қорғау және фискальді органдардың озара бірлесе іс-қимыл жасауын жақсарту;
сыбайлас жемқорлықкд кдрсы мемлекеттік саясатты насихаттау мен іске асыруда бүқаралық ақпарат қүралдарының, қоғамдық бірлестіктердің рөлін арттыру;
мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына халықтың кдлың жіктерінің қатысуын қамтамасыз ету;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басқа мемлекеттердің кұқық қорғау және арнаулы органдармен әлеуметтік серіктестікті күшейту.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары
5.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестін құқықтық базасын жетілдіру
Облыс деңгейінде заңнамаиы жсгілдіру міндеттерін шешу жұмыс тәжірибесі және құқықтық реформа негізінде актілер мен заңнамадағы дәлсіздіктерді зерттеу және талдау, жоғары түрған мемлекеттік және құқық қорғау органдарына нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енғізу жонінен нақты үсыныстар енғізу шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін.
5.2. Жалпы сипаттағы практикалық шаралар
5.2.1. Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оның алдын алуға бағытталған государственный органішілік үйымдастыру жоспарлы мен практикалық шараларды әзірлеуі.
Мемлекетгік активтерді бөлу, мемлекет атынан жеңілдіктер мен артықшылықтар беру, оларды оңайлату мен ашықтық жағына қарай өзгерту саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жасауды күшейту.
Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру:
Мемлекеттік қызметшілер төртібінің этикалық нормаларын орнықтьгру саясатын жалғастыру, тапсырылған жұмыс учаскесінде жеке жауапкершілікті арттыру.
Мемлекеттік қызметтің біреғей жүйесінде кадрльгқ резервті және кадрларды алмастыруды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметте жоғарлатқан кезде қолдампаздықты және топтық байланыстың кері әсерін болдырмау.
Құқық қорғау, фискальді және сот орғандарын кадрлармен жасақтау жосығының ашықтығын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметшілердің табыстар туралы декларацияларындағы мәліметтердің дүрыстығын тексеру тетіктерін жетілдіру.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мемлекеттік тапсырыстар мен келісім-шарттар орындауға қатысу мүмкіндігін (эдлдормау мақсатьгнда олар туралы деректер банкін жасау.
5.2.2. Сыбайлас жемқолықтың көзі - "көлеңкелі экономикаға" қарсы іс-қимыл
Ішкі рынокта отандық тауарлардыц бәсекелестік қабілетін арттыру. Инвестициялардың, ең алдымен отандық капиталдың, ел экономикасының ондірістік саласына келуін ынталандыру.
Бюджет саласын нығайту. Бюджет тапшылығын азайту, бюджет тәртібін нығайту және бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету. Барлық деңгейде нақты іске асырылатын бюджеттерғе кошуді қамтамасыз ету.
Заңсыз жинақталған капиталды "тазартуға" жәрдемдесетін тетіктер мен жағдайларды жою.
Ақшалай қаражатты банк мекемелері арқылы заңсыз "қолма-қол ақшаға айналдыру" тетігін анықтау және болдырмауға шаралар қабылдау.
Валюта және экспорт-импорт операцияларына бақылаудың пәрменділігін арттыру.
Концессиялық келісімдердің, мемлекеттік меншік объектілерін басқаруға беру туралы, мемлекет қаражатын пайдалану туралы келісімдердің дайындалуын және орындалуын тексеру және мәнді бақылау. Мемлекеттік қаражат пен мүліктердің тозуы мен есептен шығарылуын бақылауды қамтамасыз ету.
Экономикалық қызметтің барлық салаларында барлық меншік нысандарының тең экономикалық және құқықтық тіршілік етуін қамтамасыз ету.
5.2.3. Мемлекеттік экономикалық саясат тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету
1) Мемлекеттік тапсырыстар мен мемлекеттік сатып алуларды, жекешелендіру жоніндегі саудаларды орналастыру бойынша конкурстар өткізу жүйесін жетілдіру.
2) Мемлекеттік қаражат, шет елдер инвестицияларын, сондай- ақ мемлекет кепілдігіне алған қарыздарды пайдалану тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету.
3) Мемлекеттік қызметтерді корсету саласында монополияны азайту және бәсекелестік тудыру.
5.2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің калалық және аудандық бағдарламалары
Бағдарламаны іске асыру үшім сыбайлас жемқорлыққа карсы күрестің қалалық және аудандық бағдарламалары өзірленеді және қалалық және аудандық мәслихаттардың сессияларында бекітіледі, оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары белгіленеді, іске асыру жөніндегі іс-шаралар дайындалады.
5.3. Құқық қорғау орғандары мен сот жүйесін нығайту
Құқық қорғау органдары мен сот қызметкерлерінің әлуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыру.
Құқық қорғау, фискальді және сот органдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін көтеру, осы заманғы ақпараттық технологияларды енгізу.
Кадрларды іріктеу, даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашу және тергеу жөнінде әдістемелік үсынымдар әзірлеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелеріне ғылыми-практикалық зерттеулерді жүргізіп отыру.
5.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру барысы туралы жүртшылықты үнемі хабардар етіп отыру.
Қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі саясатын насихаттау, қолданылып жүрген заңнамасын түсіндіру.
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының отандық бүқаралық ақпарат қүралдарымен тығыз ынтымақтастығы.
Құқық қорғау органдарының беделі мен рөлін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көтеру, кең ауқымды насихаттау жолымен азаматтардың занды мойындаушылық, заң бұзушыларға, соның ішінде сыбайлас жемқорларға төзбеушілік сезімдерін тәрбиелеу.
5.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерінің және шет мемлекеттердің осындай уқсас құрылымдарымен озара іс-қимылын кеңейту, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру.
6. Бағдарламаны іске асыру тетігі
Бағдарламаны орындау, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілетін болады. Жоспардың нақты тармақтарын іске асырған кезде үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау үшін негізгі орындаушылары мен бірлесіп орындаушылары айқындалған мемлекеттік органдар өкілдерінен түратын жүмысшы тобы құрылуы мүмкін.
Іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуына кедергі болатын себептер пайда болған кезде, орындаушылар, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімімен келісім бойынша, облыстық әкімиятқа оларды іске асыру мерзімдерін өзгерту не орындаудан алып тастау туралы үсыныстар енгізеді.
Бағдарламаның іске асуына бақылау жасауды қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық кеңес, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі жүзеге асырады.
7. Бағдарламаның ресурстық қамтамасыз етілуі
Бағдарламаның қаржылай шығындарды талап ететін іс- шараларын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен әрбір мемлекеттік органға тиісті жылға бөлінген сома шегінде қарастырылған.
8. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Саяси күтулер:
билікке сенімді нығайту;
жекелеген топтық мүдцелердің мемлекеттік саясатқа сәйкес келмейтін, басқару шешімдерін қабылдауға ықпалын төмендету;
нақты саяси бәсекелестікті күшейту, демократиялық институттардың әлсіреу қатерін азайту.
Экономикалық күтулер:
көлеңкелі экономиканың әрекет ету аясын тарылту, салық түсімдерін үлғайту, бюджет саласын нығайту;
нақты бәсекелестік тетіктерінің іске қосылуы, қоғамда нарық идеяларының нығаюы;
жеке меншік иелерінің, бірінші кезекте, шағын және орта бизнестегі санының әсуі;
кәсіпкерлік ортада атқарушы биліктің қабілетіне сенімді нығайту, "ойынның адал ережелерін" қалыптастыру және сақтау.
Әлеуметтік күтулер:
мемлекет пен қоғам өмірін реттеудің негізғі қүралы ретінде құқықты қалпына келтіру, азаматтардың қылмыскерлерден қорғалу сезімін нығайту;
мүліктік теңсіздіктің өсіп, әрі оның салдарынан кедейліктің өсуі, халықтың люмпендік жағдайға түсу қарқынын, әлеуметтік қақтығыстардың пайда болу ықтималдылығын төмендету;
құқық қорғау және езге де мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың, үйымдасқан қылмыстың азаюы;
әлеуметтік шиеленістің азаюы, елдегі әлеуметтік және саяси түрлаулылықтың нығаюы.
9. Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралардың жоспары
|
№
|
Іс-шара
|
Аяқтау нысаны
|
Орындалуына жауаптылар
|
Орындау мерзімі
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқыктық базасын жетілдіру
|
||||
|
1
|
Шағын бизнес кәсіпорындарын лицензиялау және тіркеу мәселелері жөніндегі өрекеті бар зандарға таддау жасалсын. Қажет болған жағдайда шағын бизнес субъектілерімен жекелеген лицензиялық рүқсат беру және тіркеу рәсімдерінде оңайлатуға бағытталған өзгертулер енгізуге усыныстар әзірлеу
|
Қазақстан
Республикасының
табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау
және шағын бизнесті
қолдау жөніндегі
агентігіне ұсыныс
|
Қазақстан Республикасының монополияларды реттеу, бәсекелесті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агентігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (келісім бойынша)
|
2001
жылдың 4 - тоқсаны
|
|
2
|
Қазір әрекеті бар заңдарға
Мемлекеттік органдардағы лауазымды
түлғалардың шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің құқын шектеуге жол
берген заңсыз қабылдаған нормативтік
актілері үшін жауапкешілігін
күшейтуге бағытталған өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы
үсыныстар әзірленсін, бүл орайда
келтірілген залалдың орнын толтыру
әрекеті материалдық және моральдық
заладцарға әкеп соққан түлғаның
жеке сальшы есебінен
кайтарылатындығын көрсету
|
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне ұсыныс
|
Қазақстан Республикасының монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агентігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (келісім бойынша)
|
2001 жыддың 3 - токсаны
|
|
3
|
Қазақстан Республикасының
"Мемлекеттік қызмет туралы"
сыбайластық қылмыс жасағаны үшін
қылмысты жауапкершілікке тартылған
мемлекетгік қызметтегі адамдарды
босату негізін анықтайтын бөліміне
толықтырулар енгізу туралы ұсыныс
енгізу
|
Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің мемлекетгік құқық бөліміне ұсыныс
|
Облыс әкімі аппаратьгның мемлекеттік құқық бөлімі, облыстық тәртіптік кеңес
|
2001 жылдың 3 - тоқсаны
|
|
4
|
Мемлекеттік қызметке ресімделетін азаматтарды арнаулы тексеруден өткізу жөніндегі Нұсқаудың қабыл алмау үшін қосымша негіздемелер қосу үшін өзгертулер кіргізу туралы ұсыныстар енгізу
|
Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің мемлекеттік құқык бөліміне ұсыныс
|
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі, облыстық ҮҚКД (келісім бойынша)
|
2001 жылдың 3 - тоқсаны
|
|
2. Жалпы сипаттағы практикалык шаралар
2.1. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемкорлықтын алдын алу
|
||||
|
5
|
Сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге және алдын алуға бағытталған үйымдық және практикалық шаралардың ведомстволық жоспарларын әзірлеу
|
Ведомстволық
жоспарлар
|
Мемлекеттік органдар
|
2001 жылдың 3 - тоқсаны
|
|
6
|
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын статистикалық және ақпараттык қамтамасыз ету мақсатында бүрындары сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікке тартылған және мемлекеттік қызметке (тұрақты немесе уақытша) орңаласуға құқы жоқ азаматтар туралы деректер банкін қүру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қостанай облысы бойынша
ҚСАО (келісім бойынша),
облыс прокуратурасы (келісім
бойынша),
ІІБ (келісім бойынша), қаржы полициясының департаменті,
ҚР-ның
мемлекеттік істер жөніндегі
агенттігі,
Қостанай
облысы
Соттарының әкімгері
|
2001-2002 жылдар
|
|
7
|
Мемлекеттік органдардың басшыларымен және кадрлар қызметінің
қызметкерлерімен мемлекеттік
қызметті өткізу және пәрменді кадрлар
резервтерін құру мәселелері жөнінде
жүйелі түрде семинар-кеңестер
өткізіп тұру
|
Семинар-кеңестер
|
ҚР-сы Мемлекеттік істер жөніндегі агенттігінің басқармасы (келісім бойынша) облыстық тәртіптік кеңес
|
Тоқсан сайын кемінде 1 рет
|
|
8
|
Облыстық мемлекеттік мекемелердің тәртіптік комиссия төрағалармен олардың қызметін құқық қорғау органдармен үйлестіру мөселелері бойынша кеңестер еткізу
|
Кеңес
|
Облыстық тәртіптік кеңесі облыстық ІІБ (келісім бойынша),
облыс прокуратурасы,
ҚРМК, жанындағы
Қостанай облысы бойынша
ҚСАО
|
2001-2005 жылдарда 3- тоқсан
|
|
9
|
Мемлекеттік қызметке кандидат
болып табылатын түлғалардың,
сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді
орындауға окілетті жөне оларға
теңестірілген түлғаларға қаржы
бақылауы женінде "Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 9-
бабының орындалуын тексеруді жүзеге
асыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қаржы полициясы департаменті (келісім бойынша), облыстық прокуратура, (келісім бойынша), облыстық ІІБ-сы
|
2001-2005 жылдар
|
|
10
|
Мемлекеттік органдарда және өзін-өзі басқару
өздеріне жүктелген басқа көсіпкерлік
жергілікті органдарында міндеттерден қызметпен аиналысуға тыиым салу немесе қаржьшандырудың белгіленген көздерінен басқа материалдық игіліктер қабылдау туралы
|
Облыс әкіміне акпарат
|
Қаржы полициясының
департаменті (келісім бойынша)
|
2001-2005 жылдарда
|
|
11
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес , туралы ҚР-ның Заңын статистикалық жөне ақпараттық қамтамасыз ету мақсатымен жағымсыз қылықтары үшін мемлекеттік органдардан босатылған және жиынтық табысы мен мүлкі туралы 3-жылға дейін мерзімде декларация үсынуға міндетті азаматтар туралы деректер банкін қүру
|
Деректер банкін қүру
|
Қостанай облысы бойынша облыстық салық полициясы- ның департаменті
|
2001-2002 жылдарға
|
|
12
|
Тексеру барысында мемлекеттік к,ызметшіллердің кәсіпкерлік
қызметпен айналысатындығын
анықтау
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Келісім бойынша облыстық салық комитеті, қаржы полициясының департаменті, облыс прокуратурасы, облыстық ҮҚКД-і; облыстық ІІБ
|
2001-2005 жылдарда
|
|
13
|
Мемлекеттік қызметшілердің және
олардың туған туыстарының
табыстары туралы және барлық семья
мүшелерін қоса есептегенде 2000
ТЕК-тен асатын шығын сомасын
көрсететін декларациялар бойынша
деректер банкін қүру
|
Деректер банкін қүру
|
Облыстық салық комитеті (келісім бойынша)
|
2001 жылдың 2 жартысы
|
|
14
|
Мемлекеттік органдардың басшылары
мен лаузымды түлғалардың сыбайлас
жемқорлықпен құқық бүзу субъектілері туралы дерек банкін қалыптастыру жөніндегі нормативтік актілердің
талаптарын орындауын тексеру
|
Тексеру материалдары, прокурорлық мән беру актілері
|
Облыс прокуратурасының ҚРМК жанындағы Қостанай облысы бойынша Құқық статистикасы және ақпарат орталығы
|
2001-2002 жылдарда жыл сайын
|
|
15
|
Сыбайлас жемқорлықпен қылмыс жасаған, қылмысты ісі ақталу негізі бойьгаша емес қысқартылған мемлекеттік қызметшілердің босатылу негізі мен тәртібін тексеру
|
Тексеру материалдары, прокурорлык мән беру актілері
|
Облыс прокуратурасының ҚР- ның Мемлекеттік істер жоніндегі агенттігінің басқармасы
|
2001-2005
жылдарда
жартыжылдык
|
|
2.2. Сыбайлас жемқорлықтын көзі — "көлеңкелі экономикаға" қарсы әрекет жасау
|
||||
|
16
|
Қостанай облысының аймақтық
кәсіпорындарының қызметіне мониторинг жүргізу және салық түсімдеріне
талдау жасау (электронды мониторингті іске қосқан уақыттан бастап)
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Облыстық салық комитеті
(келісім бойынша)
|
2001-2005 жылдарда тоқсан сайын
|
|
17
|
Негізгі экспорттаушылар мониторингін және экспортқа сату кезінде трансферттік бағалардың қолданылуын бақылауды жүзеге асыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Облыстық салық комитеті (келісім бойынша)
|
2001-2005 жылдарда тоқсан сайын
|
|
18
|
Ақша қорларын жылыстатумен айналысатын үйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу жонінде жүйелі түрде мақсатты тексерулер жүргізу
|
Тексеру актілері
|
Қаржы полициясы департаментінің,
облыстық салық комитетінің келісімі бойынша; облыстық ІІБ —сы
|
2001 жылдың 3-тоқсаны
2001-2005 жылдарда жыл сайын
|
|
19
|
Облысқа контробандылық жолмен әкелінетін негізгі тауар түрлерін анықтау мақсатымен экспорттық және импорттық тауарлардың мониторингін еткізу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Бас кеден басқармасы (келсім бойынша) облыстық ІІБ-сы
|
2001-2002 жылдың 3-тоқсаны
|
|
20
|
РМК филиалдарының Ережелерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау функцияларының барлығына
құқықтық сараптама жүргізу
|
Монополияға қарсы мән беру шараларын колдану
|
Қазақстан Республикасының монополияларды реттеу, бәсекелесті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті
(келісім бойынша)
|
Қараша
жыл сайын
|
|
21
|
Тауар топтары көлемінде облыстық
импорттың құрылымға талдау жасауды
жүзеге асыру және осының негізінде
импортты алмастыру өндірістерін
дамыту жөнінде шаралар белгілеу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Экономика, индустрия сауда департаменті (келісім бойынша)
|
Наурыз жыл сайын
|
|
22
|
Статистикалық деректер, валюталық
қаржылардың қайтарылуы жөніндегі
міндеттемелердің орындалуы, контракт бойынша тауар жеткізуді қамтамасыз
ету негізінде кәсіпорындарда
валюталық қаржылардың түсуі мен
пайдалануына талдау жасау
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Облыс прокуратурасы (келісім бойынша)
|
2001 жылдың 2 жарты жылдығында
|
|
23
|
Жергілікті атқару органдарында және іер комитеттерінде жер учаскелерін ату, жалға тапсыру, уақытша және түрақты пайдалануға беру кезінде зддылықтарын сақталуын тексеруді жүзеге асыру
|
Прокурорлық мән беру актісі
|
Облыс прокуратурасы (келісім бойынша)
|
2001 жылдың 2 жарты жылдығында
|
|
24
|
Қостанай облысы мемлекеттік өртке
қарсы қызмет басқармасында
мемлекеттік қаржыны қалыптастыруда
және жұмсалуда заңдылықтың
сақталуын тексеруді жүзеге асыру
|
Тексеру материалдары, прокурорлық мән беру актісі
|
Облыс прокуратурасы (келісім
бойынша),
Қостанай облысы бойынша
қаржы бақылауы (келісім
бойынша)
|
2001жылдың 3 - тоқсаны
|
|
25
|
Мемлекеттік органдарда лицензиялау, сертификатгау және стандарттау туралы қызмет көрсету заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу
|
Тексеру материалдары,
Прокурорлық мән
беру актісі
|
Облыс прокуратурасы (келісім
бойынша),
Облыстық салық комитеті
(келісім бойынша)
|
2001-2005
жылдарда
жарты жылдықта 1 рет
|
|
26
|
Жекешелендіру және мемлекеттік
мүлікті басқарту кезінде зандылықтың
ақталуын тексеру
|
Прокурорлык мән беру актісі
|
Облыс прокуратурасы (келісім бойынша)
|
Жыл сайын
|
|
2.3. Мемлекеттік экономикалық саясат тетіктерінің ашықтығын камтамасыз ету
|
||||
|
27
|
Табиғи монополиялар субъектілері каржы қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есептерін жариялау
|
Есептер
|
Қазақстан Республикасының
табиғи монополияларды
ретгеу, бәсекелесті қорғау
және шағын бизнесті қолдау
жөніндегі агентігінің
Қостанай облысы бойынша
департаменті (келісім бойынша)
|
жыл саиын 4-тоқсаңда
|
|
28
|
Тауар рыноктарын талдауды жүзеге асыру және оның негізінде ішкі рынокты қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Экономика, индустрия және сауда департаменті, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агентігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (келісім бойынша)
|
Қаңтар жыл сайын
|
|
29
|
Шетел инвестицияларының, мемлекеттік зайымдардың және кредиттердің, сондай-ақ мемлекет кепілдігінде мемлекеттік емес зайымдардың мақсатсыз пайдаланылғандығы туралы фактілерді анықтау
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қаржы полициясының департаменті (келісім бойынша)
|
2001-2005 жылдар
|
|
2.4. Сыбайлас жемкорлыкка қарсы күрестін қалалық және аудандық бағдарламалары
|
||||
|
30
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаларын әзірлеу
|
Бағдарламалар
|
қалалық және аудандық әкімдер
|
2001жылдың 3-тоқсаны
|
|
31
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы курестің 2001-2005 жылдарға арналған аудандық бағдарламаларын жүзеге асыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
қалалык, аудандық әкімдер
|
Маусым желтоқсан жыл сайын
|
|
3. Құқық қорғау органдарын және сот қорғауын нығайту
|
||||
|
32
|
Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру ягзінде ішкі істер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз гтудің деңгейін кетеруге, қазіргі заман ақпараттық технологияларды енгізуге арналған ақша қаражатын бөлуді ұсыну
|
Қалалар мен аудан әкімияттарының қаулылары
|
қалалық, аудандық әкімдер
|
2001-2005 жылдар
|
|
33
|
Сот тәжірибесін қорыту мақсатымен аудандық және қалалық соттардың сыбайлас жемқорлық қылмыстармен оайланысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі жұмысына талдау жасау
|
Анықтамалар
|
Қостанай облысының сот әкімгері
(келісім бойынша)
|
2001-2005 жылдарға тоқсан сайын
|
|
34
|
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары және әкімшілік құқық бұзу туралы қылмыстық істер бойынша сот-тергеу тәжірибесіне талдау жасау
|
Анықтамалар, прокурорлық мән беру
|
Облыс прокуратурасы, облыс ҰҚКД-ті, қаржы полициясының департаменті, Қостанай облысы сотының әкімгері, облыс ІІБ-сы (келісім бойынша)
|
2001-2005 жылдарда жарты жылдықта 1 рет
|
|
35
|
Облыс құқық қорғау органдарының
үйлестіру кеңесінің және облыс әкімі
жанындағы қылмыс пен сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
кеңестің қарауына сыбайлас
жемқорлықпен күрес жөніндегі
жұмысты ұйымдастыруда оның
тиімділігі мен нәтижесін арттыру
мақсатымен актуалды мәселелерді
ұсыну
|
Кеңес мәжілісі
|
Облыс прокуратурасы (келісім бойынша), облыс әкімінің мемлекеттік - құқық бөлімі
|
2001-2005 жылдар тоқсан сайын
|
|
4. Сыбайлас жемқорлыкка карсы мемлекеттік саясатты насихаттау
|
||||
|
36
|
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа карсы қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық-насихаттық іс-шараларының ведомстволық жоспарын өзірлеу және жүзеге асыру, мүны облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барысы туралы халыққа кеңінен ақпарат беру шеңберінде жүргізу
|
Іс-шаралар жоспары
|
Облыстық ақпарат, қоғамдық
келісім басқармасының,
қаржы полициясы департаментінің, облыс прокурорының, облыс ҮҚКД-нің,
Қазақстан Республикасы
мемлекеттік істер жөніндегі
агенттігі облыстық басқармасының, Қостанай облысы
соттары әкімгерінің, облыстық әділет басқармасының,
облыстық ІІБ-нын, облыстық
тәртіптік кеңестің келісімдерімен
|
Маусым — шілде 2001ж. 2001-2005 жылдарда жыл сайын 1 тоқсанда
|
|
37
|
Мүдделі мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-ның - қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес проблемалары туралы конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру
|
Конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру
|
Облыс прокурорының, облыс ҮҚҚД-нің қаржы полициясы департаментінің, Қостанай облысы соттары әкімгерінің, мемлекеттік істер женіндегі агенттігінің облыстық басқармасының, облыстық ІІБ-ның, облыстық тәртіптік кеңестің келісімдерімен
|
2001-2005 жылдарда жыл сайын
|
|
38
|
Облыс, қалалар мен аудандар әкімдері жанындағы үйлестіру-методикалық кеңестерге сыбайлас жемқорлыққа карсы заңнамаларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуді жария етуді түсіндіру жөнінде әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу және жіберу
|
Әдістемелік үсыныстар
|
Облыстық әділет басқармасы (келісім бойынша)
|
Жыл сайын
|
|
5. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күреске халыкаралық ынтымактастықты дамыту
|
||||
|
39
|
Облыстық құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерінің басқа мемлекеттердің осындай қызметтері- мен одан әрі өзара іс-қимыл жасауын одан әрі дамыту, сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан әрекеттерді анықтау, олардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында бірлескен іс- шараларды жүзеге асыру
|
Облыс екіміне ақпарат
|
Облыстық ІІБ-сы, қаржы полициясының департаменті, облыс прокурорының, облыстық ҮҚКД-нің, бас кеден басқармасының келісулерімен
|
2001-2005 жылдар
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.