Азаматтарды облыс аумағында әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қаңтар 2001 ж.

    Азаматтарды облыс аумағында әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

    Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардаєы "Жалпыңа бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Занына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 қазандағы "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу жұмысын жүргiзу туралы" № 1072 қаулысына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:

    1. 2000 жылғы қаңтар-наурызда 1984 жылы туған және ересек жастағы бұрын тiркеуден өтпеген азаматтарды облыс аумағындағы шақыру учаскелерiне тiркеу жұмысы жүргiзiлсiн.

    2. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi:

    тиiстi қалалар мен аудандар әкiмдерi орынбасарларының төрағалық етуiмен, құрамында әскери комиссарлар, тiркелуге жататындарды медициналық куәландыруға қатысатын медицина қызметкерлерi және бұл мәселеге қатысты басқа да ведомстволардың өкiлдерi бар қалалық және аудандық азаматтарды тiркеуден өткiзу жөнiндегi комиссияларын құрсын;

    әскери комиссариаттарға медициналық күәландыру және тiркеу өткiзу жөнiндегi комиссияның жұмысы үшiн тапсырысқа сәйкес қажеттi тиiстi санаттағы медицина қызметкерлерiмен, техникалық қызметшiлермен және көлiкпен қамтамасыз ете отырып, арнайы жабдықталған орын бөлсiн;

    қалалар мен аудандар бюджеттерi бойынша шығыстар сметасына сәйкес ақшалай қаражат бөлсiн.

    3. Облыс қаржы департаментi Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Заңының 35-бабына сәйкес 2001 жылға арналған облыс бюджетiнде айқындалған шығыстар сметасына сай азаматтарды облыс аумағындағы шақыру учаскелерiне тiркеу жұмысын қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды өтеу үшiн қажет қаражатты бөлетiн болсын.

    4. Облыс iшкi iстер басқармасы:

    iшкi iстер органдарында есепте тұрған және бас еркiнен айырылмай жазалау шараларымен сотталған азаматтардың тiзiмдерiн тiркеуден өткiзу жөнiндегi комиссияға уақытында тапсырсын;

    тiркеу өткiзу кезiнде қызметшiлердiң кезекшiлiгi мен азаматтарды тiркеу учаскелерiне келулерiне бақылау ұйымдастырсын.

    5. Облыс денсаулық сақтау департаментi тiркеу өткiзу кезеңiнде:

    әскери комиссариаттардың берген өтiнiштерi бойынша медициналық комиссияның құрамына тиiстi санаттаєы медицина қызметкерлерiн бөлiп,

    оларды қажеттi құрал-саймандармен және мүлiктермен қамтамасыз ететiн болсын;

    әскерге шақырылатындардың облыстық медицина мекемелерiнде тексеруден және емдеуден уақытында өткiзiлуiн ұйымдастырсын.

    6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының басшысы Г.И. Бондаренкоға жүктелсiн.

    Облысы әкімі

    Ғ. Жақиянов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.