Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Республикалық поликлиника" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 тамыз 2013 ж.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Республикалық поликлиника" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

    1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Республикалық поликлиника" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық консультациялық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.

    2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

    1) Кәсіпорынның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

    2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

    3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

    2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

    2-бөлімде:

    реттік нөмірі 58-жол мынадай мазмұнда жазылсын:

    "58. Республикалық консультациялық орталық".

    4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.