Солтүстік Қазақстан облысындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының Кешенді жоспарын бекіту жөніндегі
Облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 1997-1998 жылдары қылмыспен күресу жөніндегі және 2000 жылға дейінгі құқық қоргау қызметінің негізгі бағыттары жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама туралы "Жарлығына, Премьер-Министрдің 1997 жылғы 6 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 1997-1998 жылдары қылмыспен күресу және 2000 жылға дейінгі құқық қорғау қызметтерінің негізгі бағыттары жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама туралы" Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралардың жоспары туралы" өкіміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысындагы құқық бұзушлықтың алдын алу шараларының Кешенді жоспары бекітілсін.
2. Қала, селолық округтер мен аудан әкімдері құқық қорғау және атқарушы органдардың басшылары Кешенді жоспарда қарастырылған шаралардаң дер уақытында орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қалалар мен аудан әкімдері жарты ай аралығында құқық бұзушылықтың алдын алудың аймақтық бағдарламасын әзірлесін және бекітсін.
4. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтың бөліміне жүктелсін.
Облыс әкімі
В. Гартман
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.