Қоғамдық тамақтандыру пунктерінің қызметтерін және алкогольдік өнімдерді сақтау олармен көтерме сауданы лицензиялау туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қоғамдық тамақтандыру пунктерінің қызметтерін және алкогольдық өнімдерді сақтау олармен көтерме сауданы лицензиялау туралы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 2720 Жарлығын, 1997 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Лицензиялау туралы" Жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсадағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 "Қаулысын жүзеге асыру туралы" № 1894 Қаулысын, 1997 жылғы 31 шілдедегі "Этил спиртін өндіру және алкогольді өнімдерді /сырадан басқа/ сақтау және этил спиртін сату, сондай-ақ алкогольді өнімдерді /сырадан басқа/ сақтау және олармен көтерме сауданы лицензиялаудың шарттары мен тәртібі жөніндегі № 1195 "Қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Жарлықтарды орындау үшін облыс әкімі ШЕШМ ШЫҒАРДЫ:

    1. Алып тасталды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 24.01.1998 № 16 шешімімен

    2. Этил спиртін және алкогольді өнімдерді өндіру, сақтау және лицензиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 шілдедегі Қаулысымен, Өнеркәсіп және сауда министрлігінің 19.07.1996 жылғы № 131-п бұйрығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.01.1997 жылғы № 25 Қаулысына сәйкес "Қоғамдық тамақтану пунктерінің қызметтерін лицензиялау шарттары мен тәртібі туралы" Ереже бекітілгендігі еске және басшылыққа алынсын /Қосымша №2,3/.

    3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 16.08.1995 ж. 1126 қаулысымен "Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарының кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беру тәртібі туралы және патенттер негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға болатын қызметтердің нұсқаулық Тізбесі туралы Ереже бекітілгендігі еске алынсын және башсылықа алынсын.

    4. Қоғамдық тамақтану, алкогольді өнімдерді сақтау және көтере сату /сырадан басқа/ пунктерінің қызметтеріне лицензиялар беру жөніндегі лицензиант қызметі өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызметтердің облыс әкімі жанындағы департаментке тапсырылсын.

    5. Бұрын қалалар мен аудан әкімдері берген қоғамдық тамақтаңдыру пунктерінің қызметі жөніндегі лицензиялар белгіленген мерзім шыққанша/өткенше/ күшін сақтайды деп саналсын.

    6. Лицензиялық шарттардың сақталуына бақылау жасау өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі облыстық департаментке жүктелсін.

    7. Экономика басқармасы /Әділбеков Д.З./ бір ай мерзімінде-жеке кәсіпкерлердің қызметтерін тіркеу, лицензиялау мәселелері жөнінде ақпарат-жарнама парағын дайындасын.

    6. Облыстың қаржы басқармасы /Сутулов Ф.Ф./ экономика басқармасын ақпараттық-жарнама парағын дайындау үшін, 500 дана, қаржы бөлсін.

    9. Облыс әкімінің 1996 жылғы 21 маусымдағы "3аңды тұлға құрмайтын кәсіпкерлерді тіркеу туралы" № 133 және 25.07.1995 жылғы "Авто-жанар-жағармайлар стансасын ұстау және пайдаланумен байланысты қызметтерді лицензиялау туралы" № 148 шешімдері күшін жойды деп танылсын.

    Облыс әкімі

    В.Гартман

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.