«Есіл ауданы бойынша жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орны квотасын белгілеу туралы» Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № а-11/274 қаулысына толықтыру енгізу туралы 2015 жылғы 29 маусымдағы № а-6/274 қаулысына күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 сәуір 2016 ж.

    «Есіл ауданы бойынша жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орны квотасын белгілеу туралы» Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № а-11/274 қаулысына толықтыру енгізу туралы 2015 жылғы 29 маусымдағы № а-6/274 қаулысына күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Есіл ауданы бойынша жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орны квотасын белгілеу туралы» Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № а-11/274 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № а-6/274 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 20 шілдесінде №4879 болып тіркелген, «Жаңа Есіл» аудандық газетінде 2015 жылдың 3 тамызында жарияланған) Есіл ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылған деп танылсын.

    2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Б. Есжановқа жүктелсін.

    3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

    Есіл ауданының әкімі

    А. Қалжанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.