Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына "килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы

    «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №4-4/305 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11223 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары бекітілсін.

    2. «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №938 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4992 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2015 жылы 4 маусымда жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

    3. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Қ. Көшербаев

    КЕЛІСІЛДІ

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    _____________А. Мырзахметов

    2016 жылғы «23» мамыр

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2016 жылғы «23 » мамырдағы №462 қаулысына

    қосымша

    Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидия нормалары

    Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
    Өлшем бірлігі
    Бір өлшем бірлігінің құнын арзандату пайызы
    Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге
    Отандық өндіріс тыңайтқыштары
    1
    Аммофос (N-10%, P2O5 -46%)
    тонна
    50
    62 500
    2
    Суперфосфат (P2O5 -19 %)
    тонна
    50
    32 500
    3
    Аммиак селитрасы (N-34,4%)
    тонна
    50
    34 000
    4
    Хлорлы калий (K2O-42%; KCL-65%)
    тонна
    50
    105 000
    5
    Күкіртқышқылды калий (калий сульфаты – К2О-50%)
    тонна
    50
    140 000
    6
    «Супрефос-NS» азот-құрамды супрефос (N-12%, P2О5-24%)+(Ca,Mg,SO3)
    тонна
    50
    64 000
    7
    Yara Liva Calcinit (кальций нитраты)
    тонна
    50
    140 000
    8
    Kristalon Cucumber 14-11-31
    тонна
    50
    416 500
    9
    Kristalon Special 18-18-18
    тонна
    50
    355 500
    10
    Kristalon Red 12-12-36
    тонна
    50
    384 500
    11
    Kristalon Yellow 13-40-13
    тонна
    50
    398 000
    12
    «МЭРС» микробиотыңайтқыш» құрамында микроэлементтері бар қоректендіретін ерітінділер
    литр
    50
    5 000
    13
    Шиелісай кен орнының фосфоритті концентраты мен ұны (P2 O5 -17%)
    тонна
    50
    12 385
    14
    Байытылған суперфосфат (P2 O5 -21,5%)
    тонна
    50
    17 000
    15
    Жай суперфосфат (P-15%: К2О-2%)
    тонна
    50
    21 281
    Шетелдік өндіріс тыңайтқыштары
    16
    Карбамид
    тонна
    30
    30 900
    17
    Аммоний сульфаты кристалды
    тонна
    30
    14 400
    18
    15:15:15 маркалы азот-фосфор-калийлі тыңайтқыш
    тонна
    30
    54 000
    19
    NPK 16:16:16 маркалы нитроаммофоска
    тонна
    30
    54 000
    20
    Сұйық азотты тыңайтқыштар (КАС) N-27-33%
    тонна
    30
    25 500
    21
    Изагри-М, Форс Рост маркасы минералды тыңайтқышы
    литр
    30
    525
    22
    Изагри-К, Форс питание маркасы минералды тыңйтқышы
    литр
    30
    525
    23
    Изагри-К, Вита маркасы минералды тыңайтқышы
    литр
    30
    540
    24
    Изагри-К, Бор маркасы минералды тыңайтқышы
    литр
    30
    412,5
    25
    Изагри-К, Мыс маркасы минералды тыңайтқышы
    литр
    30
    435
    26
    Изагри-К, Мырыш маркасы минералды тыңайтқышы
    литр
    30
    322,5
    27
    Изагри-К, Фосфор маркасы минералды тыңайтқышы
    литр
    30
    292,5
    28
    Изагри-К, Азот маркасы минералды тыңайтқышы
    литр
    30
    292,5
    29
    Изагри-К, Калий маркасы минералды тыңайтқышы
    литр
    30
    262,5
    Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
    N - азот;
    P - фосфор;
    Ca - кальций;
    К2О - калий тотығы;
    Mg - магний;
    P2 O5 - фосфор тотығы;
    SO3 - күкірт тотығы;
    К – калий.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.