Атауы жоқ көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық онамастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 қорытындысына сәйкес Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданының Жаңатұрмыс ауылдық округі Байсын ауылындағы жаңа көшеге «Ахатбек Байкенжеев» есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық есебін жүргізу, әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі жөніндегі бас маманы А.Аманқұловаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі
М.Қазыбай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.