Атауы жоқ көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 қорытындысына сәйкес Керделі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданының Керделі ауылдық округі Нартай Бекежанов ауылындағы атауы жоқ «9 квартал» көшесіне «Жолдыбай Ақмолдаев» есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы М. Әбжапбарға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Керделі ауылдық округінің әкімі
Ф. Ержан
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.