Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына және Шардара ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 4 мамырдағы №3 хатттамасы негізінде, Шардара ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Қызылқұм магистралды каналының 14+00 бекетінде және Қызылқұм магистралды каналының екінші кезеңіндегі 67+00 бекетінде апатты жағдайдың орын алуына байланысты объектілерде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

    2. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

    2) осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Жолдыбайға жүктелсін.

    4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Абдуллаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.