«Шемонаиха ауданының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 65 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шемонаиха ауданының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 65 қаулысы күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірде 3861 нөмірімен тіркелген, «ЛЗ-Сегодня» газетінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 18 санында жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының басшысы Л.Е. Марченкоға жүктелсін.
Шемонаиха ауданының әкімі
А. Тоқтаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.