Жаңаарқа ауданы Атасу кенті бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, шығаруға, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Жаңаарқа ауданы Атасу кенті бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, шығаруға, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Жаңаарқа ауданы Атасу кенті бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, шығаруға, көмуге және кәдеге жаратуға жеке және заңды тұлғалар үшін тарифтер қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихаттың кезектен тыс II сессиясының төрағасы

    Б.Бекежанова

    Аудандық мәслихат хатшысы

    К.Имантусупов

    Жаңаарқа аудандық мәслихатының

    2016 жылғы 11 мамырдағы

    №2/16 шешіміне қосымша

    Жаңаарқа ауданы Атасу кенті бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер

    Атауы
    Жинақталу нормасы м3
    1м3
    үшін тариф
    (ҚҚС-мен) (теңге)
    Бір айда коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату үшін қызмет құны (теңге)
    Бір айда коммуналдық қалдықтарды көму үшін қызмет құны (теңге)
    Заңды тұлғаларға (1м3 үшін)
    1364,39
    492
    Жеке тұлғалар
    Жайлы тұрғын үй
    (1 тұрғынға)
    1,1
    1364,39
    125,07
    Жайлы емес тұрғын үй
    (1 тұрғынға)
    2,0
    1364,39
    227,04
    Ескертпе:
    ҚҚС – қосылған құн салығы;
    м3-текше метр.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.