Мақтарал ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Занына сәйкес, Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Мақтарал ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Абуовқа жүктелсін.
Аудан әкімі
Ж.Бейсенбаев
Мақтарал ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 20 мамырдағы
№ 460 қаулысына қосымша
Мақтарал ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі
1. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 05 маусымдағы №772 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2314 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2013 жылы 05 маусымда жарияланған);
2. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 05 маусымдағы №773 «Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2315 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2013 жылы 28 маусымда жарияланған);
3. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы №164 «Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3044 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2015 жылы 3 наурызда жарияланған);
4. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы №211 «Мақтарал ауданының қала, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3059 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2015 жылы 13 наурыздағы жарияланған);
5. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 шілдедегі №775 «Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3244 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2015 жылы 31 шілдедегі жарияланған);
6. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі №793 «Мақтарал ауданының ветеринария бөлім» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3287 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2015 жылы 14 тамызда жарияланған);
7. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №7 «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3563 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2016 жылы 12 ақпанда жарияланған);
8. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №8 «2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3561 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2016 жылы 19 ақпанда жарияланған);
9. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 03 ақпандағы №76 «Мақтарал аданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3616 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2016 жылы 8 сәуірде жарияланған);
10. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы №198 «Мақтарал ауданының қала, кенттер мен ауылдық округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы» Мақтарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы №211 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3673 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2016 жылы 22 сәуірінде жарияланған);
11. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №242 «Мақтарал ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы»қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3704 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2016 жылы 15 сәуірде жарияланған);
12. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №243 «Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3705 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2016 жылы 15 сәуірде жарияланған);
13. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №245 ««Мақтарл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3709 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2016 жылы 22 сәуірінде жарияланған);
14. Мақтарал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №246 «Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3712 болып тіркелген, «Мақтаарал» газетінде 2016 жылы 22 сәуірінде жарияланған).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.