Зеренді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зеренді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының осы қаулының қосымшасына сәйкес күші жойылсын деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы
Е. Жүсіпбеков
Зеренді ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 15 сәуірдегі № А-3/164
қаулысына қосымша
Зеренді ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі
1. «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 49 қаулысы (Нормативті кқұқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4655 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 наурызда «Зерен» және «Зерделі Зеренді» газеттерінде жарияланған);
2. «Интернаттық ұйымдардағы кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 ақпандағы № 72 қаулысы (Нормативті кқұқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4658 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 наурызда «Зерен» және «Зерделі Зеренді» газеттерінде жарияланған);
3. «2016 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/31 қаулысы (Нормативті кқұқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5254 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда «Зерен» және «Зерделі Зеренді» газеттерінде жарияланған);
4. «Зеренді ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекіту туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № А-1/70 қаулысы (Нормативті кқұқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 5272 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда «Зерен» және «Зерделі Зеренді» газеттерінде жарияланған).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.