«Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 09 тамыздағы № 303 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 09 тамыздағы № 303 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 29 тамызда 3052 нөмірімен тіркелген, «Уба-Информ» газетінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 37 санында жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.
Шемонаиха ауданының әкімі
А. Тоқтаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.