Қармақшы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 мамыр 2016 ж.

    Қармақшы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

    1) «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»» Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 662 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4924 тіркелген, «Қармақшы таңы» газетінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 24 (9377);

    2) «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»» Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 638 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 ақпандағы № 4871 тіркелген, «Қармақшы таңы» газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 16 (9369);

    3) «Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»» Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 115 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 5252 тіркелген, «Қармақшы таңы» газетінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 100 (9453).

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы Б. Шерниязовқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қармақшы ауданының әкімі

    С. Мақашов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.