Қармақшы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 мамыр 2016 ж.

    Қармақшы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

    1) «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Қармақшы ауданы әкімінің 2013 жылғы 10 маусымдағы №140 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 25 маусым № 4467 тіркелген, «Қармақшы таңы» газетінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 61 (9199);

    2) «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қармақшы ауданы әкімінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №143 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 9 ақпандағы № 5343 тіркелген, «Қармақшы таңы» газетінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 13 (9467);

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы Б. Шерниязовқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қармақшы ауданының әкімі

    С. Мақашов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.