«Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 188 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 188 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 - IV Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылдың 20 желтоқсандағы № 188 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 28 желтоқсанда № 3726 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда және 2014 жылғы 16 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларындағы:

    2 бөлімнің 7 тармағы келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

    «5) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және он сегіз жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»;

    2 бөлімнің 8 тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

    «8. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:»;

    2 бөлімнің 8 тармағы келесі мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

    «10) ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнетақы төлемдерін алушыларға 21 - 23 наурыз - Наурыз мейрамына орай, 11,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»;

    «11) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, 21 - 23 наурыз - Наурыз мейрамына орай, 11,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»; 

    3 бөлімнің 19 тармағы «1) - 5) тармақшаларында» сөздерімен сандарынан кейін, «және 10) және 11) тармақшаларында» сөздерімен және сандарымен толықтырылсын.

    2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

    Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрайымы

    А. Бекенова

    Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы

    С. Шынтасова

    _____________Б. Бисенғалиева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.