Ақтөбе қаласы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 3 «Ақтөбе қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 179 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қаласы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 3 «Ақтөбе қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 179 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4205 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 наурыздағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы С. Нәбиге жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Б. Сағын
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.