Аудандық мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төмендегі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 103 «Байғанин аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3756 тіркелген, 2014 жылғы 13 ақпанда «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімі;
аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы № 218 ««Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4834 тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы
Т. Шәудір
Мәслихат хатшысы
Б. Турлыбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.