Баянауыл ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі «Баянауыл ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 04 шешімі күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес және ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдайдын аяқталуына байланысты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
1. Баянауыл ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі «Баянауыл ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 04 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4418 тіркелген, 2015 жылғы 13 сәуірдегі «Баянтау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Қ. Әбілғазинге жүктелсін.
Аудан әкімі
Н. Күлжан
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.