Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі «Павлодар облысы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» № 241/7 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі «Павлодар облысы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» № 241/7 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3978 болып тіркелді, 2014 жылғы 6 қыркүйекте «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланды).
2. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына бір апта мерзімде жолдауды;
осы қаулының мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсiн.
Облыс әкімі
Б. Бақауов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.