Бесқарағай аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бесқарағай аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1)«Бесқарағай аудандық мәслихатының регламентiн бекiту туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3309 нөмірімен тіркелген, «Бесқарағай тынысы» газетінің 2014 жылғы 11, 18 маусымда № 48,50 сандарында жарияланған);
2)«Бесқарағай аудандық мәслихатының регламентiн бекiту туралы» Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2015 жылғы 19 қазандағы № 36/15-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4217 нөмірімен тіркелген, «Бесқарағай тынысы» газетінің 2015 жылғы 25 қарашада № 95 санында жарияланған).
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
С. ЕЛЕМЕСОВ
Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы
Қ. САДЫҚОВ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.