Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 54 «Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 54 «Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 20 наурыздағы № 3769 тіркелген, «ЛЗ-Сегодня» газетінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 16 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Д.А. Горьковойға жүктелсін.
Шемонаиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы
Д. Горьковой
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.