Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №16-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №16-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14.04.2014 жылы №3499 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы С.Сұлтановқа жүктелсін.
Сессия төрағасы
С.Сүлеймен
Облыстық мәслихат хатшысы
М.Құлшар
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.