Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №29-7 «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар залалды маршруттар тізбелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар залалды маршруттар тізбелерін бекіту туралы» (2016 жылғы 12 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4220 нөмірмен Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде тіркелген, «Орал өңірі» газетінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №7 жарияланған) №29-7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы С. Сұлтановқа жүктелсін.
Сессия төрағасы
С.Сүлеймен
Облыстық мәслихат хатшысы
М.Құлшар
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.