Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Кербұлақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 11 мамырдағы №15-14-53 ұсынысының негізінде, Сарыбастау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ ауданының Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жангалиева Гүлнар Жәкешовнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Кербұлақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жангалиева Гулнар Жакешовнаға жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыбастау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы
Л. Турганбаева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.